ІІМ FPV-дрон операторларын даярлауды қолға алды

ІІМ FPV-дрон операторларын даярлауды қолға алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2026 12:49 Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ІІМ Басқару академиясы базасында ашылған ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларын даярлауға арналған мамандандырылған зертхана мен полигонның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жаңа зертхананың басты ерекшелігі – FPV-дрондармен жұмыс істеудің толық циклін қамтуы. Мұнда 3D-принтерлерді пайдалана отырып бөлшектерді жобалау және дайындаудан бастап, дрондарды құрастыру, техникалық баптау және сынақтан өткізуге дейінгі барлық кезең жүзеге асырылады. Бұл тәсіл тыңдаушыларға тек пилоттау дағдыларын меңгеріп қоймай, FPV-дрондардың құрылымын, жұмыс істеу қағидаттарын және пайдалану ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Құрылған полигон операторларды практикалық тұрғыда даярлауға арналған. Онда ұшқышсыз аппараттарды басқару дағдылары, маневр жасау және шынайы жедел оқиғаларға барынша жақындатылған ортада оқу тапсырмаларын орындау пысықталады.

Материалдық-техникалық базамен қатар ІІМ Басқару академиясында ҰҰА операторларын даярлаудың мамандандырылған курстар жүйесі енгізілді. Атап айтқанда, Ashyq Aspan Foundation қорымен бірлесіп әзірленген оқытудың екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Бұл кезең тереңдетілген практикалық даярлыққа, FPV-дрондармен жұмыс істеуге және күрделі жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

""Іс-шарада ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару бойынша мамандарды даярлау жүйесін одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінде ұшқышсыз технологияларды қолдану аясын кеңейту мәселелері талқыланды", – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: