Бурабайда ер адам әріптесін абайсызда атып алды

Бурабайда ер адам әріптесін абайсызда атып алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2026 15:25 Сурет: pixabay
Бурабайда ер адам аяғынан оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға жергілікті кәсіпорындардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкерлердің бірі қаңғыбас иттерге оқ атпақ болған кезде абайсызда әріптесінің аяғына тигізіп алған.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен адамның ауруханаға оқ жарақатымен түскенін растады.

Ведомство мәліметінше, науқастың өміріне қауіп жоқ, жағдайы тұрақты. Ол Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылған.

Ал Ақмола облыстық полиция департаменті адамның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары оқиға кезінде қолданылған қаруды сараптамаға алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: