Өскеменде ауаның ластануынан оқушылар тағы да қашықтан оқиды
Сурет: Zakon.kz
Өскеменде ертең бірінші және екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 ақпан күні сағат 20.00-ге дейін қалада екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады.
Желсіз ауа райы жағдайында зиянды ластаушы заттар ауада ұзақ сақталады. Осыған байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-11-сынып оқушылары онлайн форматқа көшірілді.
"Ауа райының қолайсыздығы кезінде бірінші кезекте біздің оқушыларымыздың қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан оқушыларды уақытша қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылданды. Бекітілген кестеге сәйкес онлайн режимінде сабақтар өткізіліп, оқу үдерісі толық көлемде жалғасады", - деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.
Айта кетейік, қалада осымен 6 күн бойы қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Экологтар тұрғындарды далада көп жүрмеуге шақырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript