Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды

Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2025 21:39 Сурет: unsplash
Астанада бірінші ауысымдағы 0-6-сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы мәлімдеді.

"2025 жылғы 17 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді. Мегаполистерде қар жауып, боран соғып, тұман түседі және көктайғақ болып, ауа температурасы төмендейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: