Атырау облысында жылқы қырылып қалды

Лошадь, лошади, кони, конь, коневодство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2026 14:52 Фото: primeminister.kz
Атырау облысы Исатай ауданында елуден астам жылқы қырылып қалды.

Қаңтар айының басында нөсер жауыннан соң қар жауып, жердің беті мұздақ болып қатып қалған.

Түзде жайылып жүрген түлік осы себепті қырылды дейді тұрғындар.

Жергілікті ветеринар дәрігерлер мал өлексесін жинақтап, шығынды есептеп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Ресми ақпаратқа сүйенсек қырылған малдың бірде-біреуі тіркеуге алынбаған.

"Аталған жануарлар аштықтан көтерем болуынан өлуі мүмкін. Соған қарамастан аудан әкімдігі тарапынан тұрғындарды арзан мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында аудандағы өндірістік кәсіпорындармен бірігіп отырып тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда." Нұрберген Өтегенов, Исатай ауданы әкімінің орынбасары
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: