Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер көбейеді

Ярмарка, базар, рынок, торговля, продукты питания, овощи, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2026 11:07 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер саны көбейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалада азық-түлік инфрақұрылымын дамыту және отандық фермерлерді қолдау бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасып келеді.

2025 жылы Алматының бес ауданында 430 жәрмеңке ұйымдастырылды, ал биыл жыл соңына дейін олардың саны 2,5 есеге артады: 1000-нан астам жәрмеңке өткізу жоспарланған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жәрмеңке Алматы қаласы әкімдігінің, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының және "Алматы" ӘКК" АҚ қолдауымен өтеді.

Мұнда қала тұрғындары жаңа піскен көкөніс, жеміс-жидек пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден тікелей, қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: