Студенттерге жаңа мүмкіндіктер: Қазақстан конвенцияны ратификациялады

Студенттерге жаңа мүмкіндіктер: Қазақстан конвенцияны ратификациялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2026 18:21 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 ақпанда хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Конвенция аталған өңірдегі жоғары білім беру саласында біліктіліктерді бағалау және танудың бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға арналған құрал болып есептеледі. Токио конвенциясын ратификациялау Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану жөніндегі Токио конвенциясына қатысушы елдердің ұлттық ақпараттық орталықтарының Азия-Тынық мұхиты желісіне қосылуды көздейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: