Қазақстанда дәл қазір қай жолдар жабық тұр
Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 5 ақпан сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысы:
- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).
Қызылорда облысы:
- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1806 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Қызылорда қаласы).
Абай облысы:
- "ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы" автожолының 910-1002 шақырым аралығында (Қалбатау ауылы — Көкпекті ауылы).
Сондай-ақ "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 776-965 шақырым аралығындағы учаскесінде (ЭКО ойл жанармай стансасы – Қарабұтақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Жолдарды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript