Екібастұзды көк түтінге көмген кеніштерге айыппұл салынды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 14:43 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Екі күннен бері Екібастұз көк түтінге қақалып отыр. Тұрғындардың шағымы көбейген соң аймақ басшысы көмір кеніштеріне арнайы барды.

Енді бұндағы қалдықтар тасталатын аумақ дрондар арқылы тәулік бойы бақыланады, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал "Богатырь" мен "Шығыс" кеніштеріндегі көмір қазу тоқтатылған кейбір аумақтарда метан жинақталып, содан булану процесі басталған. Бұндай ошақтар дереу оқшауланды.

Жедел тексеру барысында төрт ірі көмір өндіруші кәсіпорынға Экология департаменті тарапынан 2,9 млн теңге айыппұл салынды.

"Сіздерге салынып жатқан айыппұл көлемі аз. Біздің бұны жүз есеге дейін көтеруге өкілеттігіміз жетеді. Тұрғындардың арызы негізсіз емес екеніне көзіміз жетті. Екібастұздықтар көмірдің жанып, қолайсыз иіс пайда болғаны, қаланы көк түтін басқаны жайлы жиі айтып кетті. Енді экология департаменті бұл жағдайды үздіксіз бақылауда ұстайды." Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: