Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

Қазақстан командасы, Дубай, арнайы мақсаттағы бөлімшелер, UAE SWAT Challenge , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2026 21:21 Сурет: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады. 48 мемлекеттің 109 арнайы жасақ командалары ішінен топ жарған еліміздің төрт командасы да үздік ондық құрамында, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 7 ақпанда ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Kazakhstan C командасы турнир кестесінде бірінші тұр. Екінші орында - Kazakhstan D. Kazakhstan В турнир кестесінде төртінші орында тұр. Kazakhstan А - оныншы орында. Еліміздің Tomiris қыздар командасы жалпы есепте 20-орында, бұл - әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш. Командалар құрамында бір ту астына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері біріккен".

Бес күндік сайыстан тұратын турнир 11 ақпанда аяқталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: