Қазақстандық арнайы жасақ Дубайдағы SWAT Challenge-де алтын медаль ұтып алды

Қазақстандық арнайы жасақ Дубайдағы SWAT Challenge-де алтын медаль ұтып алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 12:50 Сурет: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" командасы Дубайдағы SWAT Challenge арнайы бөлімшелері арасында өткен халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Қазақстандық жауынгерлер тіпті Қытай отрядтарынан озып, үздік нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте көш бастады.

Басқа қазақстандық арнайы бөлімшелер – "Арыстан","Сардар" және "Арлан" – үздік ондыққа кірді. Жарысқа алғаш рет Қазақстанның әйелдер командасы – "Томирис" қатысты, оған еліміздің күш құрылымдарының үздік қызметкерлері кірді.

Сурет: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің "Сардар А" командасы "UAE SWAT CHALLENGE-2025" турнирінің екінші кезеңінде 00:53:39 минутта тапсырманы орындап жеңіске жетті. Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша "Сардар А" жалпы есепте үшінші орын алды. Алда әлі үш бәсекелі күн күтіп тұр.

Сурет: Мемлекеттік күзет қызметі

Биылғы жылы SWAT Challenge-де 80 елден 106 команда өнер көрсетеді, Қазақстан 12 отрядпен ұсынылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: