Қазақстандық арнайы жасақтар UAE SWAT Challenge - 2026 турнирінде алтын және күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстандық арнайы бөліністер Дубайда өткен халықаралық UAE SWAT Challenge – 2026 турнирінде сәтті өнер көрсетті., сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2026 09:02 Сурет: ҚР ІІМ
Қазақстандық арнайы бөліністер Дубайда өткен халықаралық UAE SWAT Challenge – 2026 турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Жарыста еліміздің намысын бес құрама команда қорғады. Нәтижесінде олар Қазақстанның осы турнирге қатысу тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте Kaz SWAT Team C командасы бірінші орынды, ал Kaz SWAT Team A командасы екінші орынды иеленді. Үшінші орын Қытай командасына бұйырды.

Сонымен қатар Kaz SWAT Team B сегізінші орынға, Kaz SWAT Team Tomiris он сегізінші орынға, ал Kaz SWAT Team D жиырмасыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Tomiris командасы әйелдер құрамалары арасында көш бастап, өзге елдердің кейбір ерлер командаларын да артта қалдырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: