Талғар ауданында беткейден топырақ тұрғын үйлерге жетті

Талғар ауданында беткейден топырақ тұрғын үйлерге жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2026 18:12 Сурет: видео скрині
2026 жылғы 8 ақпанда сағат 10:23 шамасында Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылындағы "Бурабай" коттедж қалашығында тау беткейінен жер массасының жылжуы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқиғаға соңғы күндері қалыптасқан тұрақсыз ауа райы мен топырақтың шамадан тыс ылғалдануы себеп болған.

Жылжыған топырақ Баянауыл көшесіндегі №8 және №24а жеке тұрғын үйлердің аумағына түскен. Жер массасы бетоннан салынған тіреу қабырғадан асып өткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, №8 үй аумағында көлемі 15×5 метр болатын навес зақымданып, "Haval Jolion" маркалы автокөлікке және бөлек тұрған шаруашылық құрылысының қабырғаларына зиян келген. Бұл аумақта жылжыған топырақ көлемі шамамен 465 текше метрді құрайды. Ал №24а үйдің аумағына шамамен 5 текше метр топырақ түскен, айтарлықтай зақымдану тіркелмеген.

Зардап шеккендер жоқ. №8 үйде 3 адам, ал Баянауыл көшесіндегі №12 үйде 5 адам тұрады.

Аталған аумақтағы тұрғын үйлер бұрын тау беткейін өз бетінше кесу арқылы салынған. Қазіргі уақытта беткейдің жоғарғы бөлігіндегі көшелерге кәріз желілерін тарту жобасы әзірленген. Алдағы бюджеттік комиссия отырысында құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру және беткейді нығайту үшін сала мамандарын тарту мәселесі қаралады.

Қазір аумақты топырақтан тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: