Қарағандыда қоғамдық көлікте жасалған ұрлықтың беті ашылды

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2026 15:56 Фото: polisia.kz
Қарағанды қаласында 40 жастағы жергілікті тұрғын әйел маршруттық автобуста ұрлықтың құрбаны болды.

Маршруттық автобустың салонында белгісіз адам оның сөмкесін жасырын түрде ұрлап кеткен.

Сөмкенің ішінде құнды заттар: жеке құжаттары, үй кілті және 170 мың теңге салынған әмияны болған.

Қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті, Қарағанды облысының 33 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, ұрланған заттардың барлығы қайтарылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ұсталған адамның бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: