ІІМ азот тотығының заңсыз айналымына қарсы шараларды күшейтті
Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасау, оның ішінде елде есірткі өндірісін және таралуын болдырмау бойынша шаралар қабылдауда.
Заңсыз есірткінің айналамының жолын кесумен қатар күшті әсер ететін заттардың айналымын шектеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда. 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде "күлдіретін газ" деген атаумен танымал болған азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу бөлігінде заңнамалық түзеулер күшіне енді.
Ішкі істер министрлігі күшті әсер ететін заттарды заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттері шекарадан бастап соңғы тұтынушыға дейін барлық қатаң түрде жолы кесілетінін ескертеді.
Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ІІМ-нің басым бағыты болып қала береді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript