Опа-далаптың күші ме, әлде табиғат заңы ма: қазақстандық жұптар бір-біріне қаншалықты ұқсайтынын көрсетуде
Сурет: pixabay
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жұбайлар өздерінің қаншалықты ұқсас екенін көрсетуге кірісті. Бұл челленджді қазақстандықтар да белсенді түрде жалғастыруда.
Бейнежазба түсіру үшін жұптар бірдей киініп, ұқсас макияж жасап, бір-бірінің қимыл-қозғалысын қайталап, тіпті бірдей қалыпта суретке түседі.
Нәтижесінде әрі күлкілі, әрі таңғаларлықтай ұқсас бейнелер шығады. Бұл опа-далаптың әсері ме, әлде табиғаттың заңы ма – қалай болғанда да, көп жағдайда жұптардың бір-біріне өте ұқсас келетіні байқалады.
Желіде жарияланған жазбаларда кейбір жұбайлар мұндай батыл тәжірибеге бару үшін серігін ұзақ көндіруге тура келгенін айтады. Алайда сүйіктісі үшін бәріне дайын екенін көрсеткендер трендті сәтті жүзеге асырған.
"Құрметті қыздар, мұндай макияжбен қалай жүресіздер? Тренд түсіргенше бірде мұрным қышыды, бірде көзім ашыды. Сүйіктің үшін не істемейсің", – дейді трендке қатысушылардың бірі видеода.
Бұған дейін маникюрдің неліктен қауіпті екенін жазғанбыз.