Өскеменді көк түтін басты

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 13:02 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өскемендегі орта мектеп оқушылары бүгін тағы онлайн оқып жатыр.

Өйткені соңғы үш тәулікте облыс орталығын көк түтін басып тұр. "Қазгидромет" аймақта екінші дәрежедегі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқанын хабарлады.

Ал Экология департаментінің мамандары жылжымалы зертханамен әр аумақтан сынама алып, ауа құрамын зерттеп жатыр. Нәтижесінде қалада көміртегі тотығы шекті мөлшерден 1,5 есеге артқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ көміртегі тотығы, күкірт диоксиді сияқты зиянды металдар да шекті мөлшерден асып кеткен. Мұндай химиялық элементтер әрине ауыр өндірістер мен жылыту орталықтарынан бөлінеді.

Оған жеке үйлерден шығатын көмірдің түтіні қосылып тұрғындардың тынысын тіпті тарылтады.

Ертіс пен Үлбі өзенінен көтерілген бу қалаға тұман болып шөгіп тұр.

Дәрігерлер дәл бүгінгідей ауа ластанған күндері өскемендіктерге сыртта көп жүрмеуге кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: