Экспортқа жаңа мүмкіндіктер: Қазақстан мен Моңғолия еркін саудаға көшеді
Сурет: senate.parlam.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Келісімнің басты мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Моңғолия арасындағы сауда байланыстарын дамыту және нығайту, сондай-ақ Қазақстан тауарларын Моңғолия нарығына шығару үшін тиімді жағдай жасау.
Сауда және интеграция министрлігінің міндетін атқарушы Жәнел Күшікованың айтуынша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы кедендік баждардың 90%-ы жойылады. Келісім ішкі нарықты қорғау механизмдерін, соның ішінде техникалық, санитарлық және шектеу шараларын қарастырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript