Қызылордада әйел медбикені ұрғаны үшін сотталды

Қызылордада әйел медбикені ұрғаны үшін сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 19:58 Сурет: Zakon.kz
Қызылорда қаласының №2 соты жергілікті тұрғын әйелге қатысты қылмыстық істі қарады. Істің материалдарына қарағанда, әйел дәрігер қабылдауына кезексіз кірген. Жәбірленуші оған ескерту жасаған кезде, олардың арасында жанжал шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанжал кезінде айыпталушы медбикені жағасынан ұстап, қолымен соққы жасап, жеңіл дене жарақатын келтірген.

Бұл оқиға амбулатория қызметкерлері мен куәгерлердің қатты наразылығын тудырды.


"Сот шешімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің 108-1-бабының 2-тармағының 2-пункті бойынша "Аса ауыр зардапсыз денсаулыққа жеңіл зиян келтіру" қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған бір жыл мерзімге бостандықты шектеу түрінде жаза тағайындалды", – деп хабарланды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: