Қазақстандық бітімгерлер мінсіз қызметі үшін БҰҰ медальдарымен марапатталды

Қазақстандық бітімгерлер мінсіз қызметі үшін БҰҰ медальдарымен марапатталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2026 13:37 Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бітімгерлік миссияның қолбасшысы генерал-майор Анита Асма Қазақстанның әскери қызметшілеріне бітімгерлік миссияға қатысқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының медальдарын табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық дербес бітімгерлік контингент Фауар базасында қызмет атқарып, Сирия Араб Республикасында орналасқан Голан жоталарында атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді БҰҰ-ның ажыратуды қадағалау күштері құрамында орындап келеді.

БҰҰ медалімен миссияда қызмет атқарып жатқан барлық 139 әскери қызметші марапатталды.

Қазақстандық әскери қызметшілер Ұйым базаларын күзету мен қорғанысын күшейтуді қамтамасыз етіп, жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимыл жасайды және жауапкершілік аймағында тұрақтылықты сақтауға бағытталған түрлі міндеттерді орындайды.

"Контингенттің жеке құрамы жоғары кәсіби дайындықты, үйлесімділік пен жедел әрекет ету қабілетін көрсетіп келеді. БҰҰ медалі — әрбір әскери қызметшінің батылдығы, тәртібі мен өз ісіне адалдығының, сондай-ақ миссия аймағында бейбітшілікті сақтау ісіне қосқан үлесінің мойындалуы", - деді бітімгерлік ротаның командирі подполковник Жәнібек Нұрланов.

2025 жылғы сәуірден бері контингент әскери қызметшілері 55 тапсырманы орындап, 1200-ден астам жарылғыш зат пен 43 қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жойды. Жалпы, қазақстандық бітімгерлік контингенттің екінші құрамы миссия басталғалы бері 675 тапсырманы орындады.

Еске салайық, Қазақстан Голан жоталарында алғашқы дербес бітімгерлік контингентін 2024 жылғы наурызда орналастырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: