Қарағанды облысында қауіпсіздікті сақтамаған жүргізушілер жазаға тартылуда
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды облысында жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіпті нығайту мақсатында "Тасымалдаушы" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша автожолдарда 127 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірдегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, тексеру барысында тасымалдаушылардың жол қозғалысы қағидаларын сақтау деңгейі, көлік құралдарының техникалық жағдайы және қажетті құжаттарының болуы жан-жақты сараланды.
Жиі тіркелген құқықбұзушылықтар қатарында:
- заңсыз жолаушылар тасымалдау;
- жолаушылар мен багажды тасымалдау талаптарын бұзу;
- техникалық ақауы бар көлік құралын пайдалану;
- көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану;
- қауіпсіздік белдігін тақпау деректері бар.
Сонымен қатар қарсы бағытқа шығу және тиісті құжаттарсыз көлік басқару фактілері де анықталды.
"Қабылданған шаралар нәтижесінде бірқатар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынып, бірнеше автокөлік айып тұрағына қойылды".Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов
Бұған дейін ШҚО-да жеке үй аумағынан аса ірі мөлшердегі марихуана табылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript