Алматыда тау кластерін дамытуда халықаралық тәжірибе ескеріледі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ол Алматы тау кластерін қалыптастыру мүмкіндігіне тоқталып, тау курорттарын дамытудың халықаралық үлгілерін таныстырды.
Сарапшы Франция мен Австрия тәжірибесін мысалға келтірді. Бұл елдерде курорттар бірыңғай инфрақұрылымдық жүйеге біріктіру арқылы туристік саланың тұрақты өсімі қамтамасыз етілген, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігі артқан. Оның айтуынша, кластерлік модель туризмді дамыту құралы ғана емес, сонымен бірге кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өсудің тиімді тетігі.
"Халықаралық тәжірибе кластерлік тәсілдің аумақтарды кешенді дамытуға, инфрақұрылым сапасын арттыруға және тұрақты туристік экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Бұл тек туризм мәселесі емес, ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторы", – деді Жан-Пьер Барало.
Баяндама барысында тау кластерлерінің қалалық ортаның дамуына әсері де қозғалды. Мұндай жобалар бизнестің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
"Тау кластерінің дамуы тұрмыс сапасының өзгеруімен тікелей байланысты. Заманауи курорттық аймақтар экономикалық белсенділік нүктесіне айналып, қызмет көрсету саласына сұранысты арттырады, жұмыс орындарын құрады және туристер мен жергілікті тұрғындарға қажет инфрақұрылымның дамуын жеделдетеді", – деді сарапшы.
Жан-Пьер Барало тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін таулы аумақтарды дамытуда стратегиялық әрі ұзақ мерзімді көзқарас қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, үздік халықаралық тәжірибелерді жүйелі түрде бейімдеу маңызды екенін айтты.