Өскемен тұрғыны тергеу изоляторындағы досына телефон кіргізбек болған
Сурет: polisia.kz
Өскеменде 22 жастағы азамат смартфонды тергеу изоляторына жеке мақсатта пайдалану үшін тергеудегі досына кіргізуге тырысқан. Алайда әрекеттері дер кезінде әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Нанның ортасында жасырылған смартфонды қызметкерлер сәлемдемені тексерген кезде тапты.
Мекеме қызметкерлері тыйым салынған затты тәркіледі.
"Аталған факті бойынша мекеме қызметкерлері құқық бұзған азаматқа қатысты тергеудегі және сотталғандарға тыйым салынған заттарды кіргізуге және беруге жол бермеу туралы әімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды", – деп түсіндірді Салтанат Дәулетбек.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript