Кейбір ХҚКО-да азаматтарды қабылдау форматы өзгерді
Фото: gov4c.kz
2026 жылғы 24 ақпан қарсаңында "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ кейбір Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) азаматтарды қабылдау форматына өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, еліміз бойынша 32 аудандық және қалалық ХҚКО бөлімінде қызмет көрсету алдын ала жазылу форматына көшірілді.
"Енді тұрғындар өзіне ыңғайлы күн мен уақытты алдын ала таңдап, белгіленген уақытта келе алады — қабылдау тек алдын ала брондалған талондар бойынша жүзеге асырылады. 20 ақпаннан бастап пилоттық жобаға қосымша тағы 22 бөлім қосылды. Бұл, әсіресе шалғай өңір тұрғындарына кезек күтпей, сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді",- делінген ақпаратта.
Алдын ала жазылу төмендегі арналар арқылы қолжетімді:
- "ЦОН" және "Egov mobile" мобильді қосымшалары
- электрондық үкімет порталы
- талон беру киоскілері
Бұл ретте дайын құжаттарды беру, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы және құжаттандыру қызметтері бұрынғы режимде, яғни алдын ала жазылусыз көрсетіледі.
Сонымен қатар келушілердің жекелеген санаттары үшін арнайы жұмыс орны қарастырылған. Атап айтқанда:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне,
- мүмкіндігі шектеулі азаматтарға
- шетелдік азаматтарға.
"Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Талдау қорытындысы бойынша қызметті одан әрі кеңейту және ауқымын ұлғайту туралы шешім қабылданады",- деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайтындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript