Павлодар облысында "резеңке пәтерлер" көбейіп кеткен

Дом, жилье, квартира, дома, квартиры, недвижимость, аренда жилья, съемное жилье, продажа дома, продажа жилья, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2026 11:34 Фото: Zakon.kz
Павлодар облысы аумағында "резеңке пәтерлердің" желісі анықталып, заңсыз тіркеу фактілері әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv телеарнасының мәліметіне сүйенсек, "резеңке пәтер" деп бір мекенжайға ондаған адамның тіркеліп, шын мәнінде ол жерде тұрмауын айтады. Осы ретте, Павлодарда жүргізілген тексеріс нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 313 дерегі тіркелді. Атап айтқанда:

  • 275 адам тіркеусіз тұрған;
  • 37 жағдайда жалған тіркеу рәсімделген.

Тексеру барысында пәтер иелері де жауапкершілікке тартылды. Мысалы, 15 меншік иесіне бір мекенжайға 15 және одан да көп адамды тіркегені үшін айыппұл салынған. Сонымен қатар полицейлер интернеттен ақылы түрде "тіркеу жасап беру" туралы хабарландыруларды анықтаған.

Павлодар облыстық көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Кристина Анциферованың айтуынша, көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған тұрғын үй иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіштен бастап айыппұл түріндегі жаза қолданылған.

Осылайша, өңірде жалған тіркеу арқылы табыс табу әрекеттеріне тосқауыл қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: