Ақтөбеліктер "жеделдетілген" қызметке ақша төлеп сан соғып қалды: екі бойжеткен күдікті ретінде танылды

Автоцон, специализированный центр обслуживания населения для автомобилистов, регистрация автотранспорта, госномер авто, номера машин, получение госномера, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2026 16:25 Фото: Zakon.kz
Ақтөбелік бойжеткен мемлекеттік қызметтерді заңсыз рәсімдеуді уәде еткен алаяқтық дерегі бойынша күдікті ретінде танылып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, бірқатар тұрғын құжаттарды "жеделдетіп рәсімдеп беруге көмектесеміз" деген желеумен әрекет еткен алаяқтардың құрбаны болған.

  • Мәселен, 21 жастағы қыз жүргізуші куәлігін алу үшін міндетті оқу курсынан өтпей-ақ және емтихан тапсырмай-ақ сертификат алып беруге уәде берген. Ол клиенттерін құжаттарды еш қиындықсыз рәсімдеп беретіндігіне сендіріп, ақшалай қаражаттарын алғаннан кейін байланысқа шықпай кеткен.
  • Сондай-ақ тағы бір жағдайда 27 жастағы әйел шетелдік тіркеудегі автокөлікті Қазақстан Республикасының есебіне қоюға көмектесемін деген сылтаумен азаматтың 1 млн 200 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.
"Аталған фактілер бойынша алаяқтық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде",- делінген ақпаратта.

Полиция департаменті мемлекеттік қызметтерді тек заңда белгіленген тәртіппен алу қажеттігін ескертеді. Құжаттарды "жеделдетіп" немесе "кепілдікпен" рәсімдеуді ұсынатын үшінші тұлғаларға ақша бермеу қажет.

Тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға, заңды айналып өтетін күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Себебі уақытты үнемдеуге бағытталған мұндай әрекеттер қаржылай шығынға ғана емес, құқықтық салдарға да әкелуі мүмкін.

Бұған дейін Қазақстан азаматы Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: