Мемлекеттік кірістер комитеті SMS пен WhatsApp-тағы хабарламаларға байланысты ескерту жасады
Сурет: unsplash
Бүгін, 2026 жылғы 26 ақпанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға шұғыл ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, соңғы уақытта Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басшылығының атынан жалған, алаяқтық сипаттағы хабарламалар жиілеген.
"ҚР ҚМ МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді. Бұл хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp, SMS, әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы жібереді – делінген комитеттің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ ведомство азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне сенуді ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript