Семейде Қытай азаматы мінген көлік жол жиегінен шығып кетті

Семей–Ресей Федерациясы тас жолында Қытай азаматы мінген көлік жол жиегінен шығып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2026 18:31 Сурет: polisia.kz
Абай облысында полицейлер жол жиегіне шығып кеткен шетел азаматына жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семей бағытындағы Семей – Ресей Федерациясы тас жолында Қытай Халық Республикасының азаматы басқарған автокөлік жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы орын алмаған, алайда автокөлік өздігінен қозғала алмай, жүргізуші қарға батып қалған. Оқиға орнына жақын маңда патрульдеу қызметін атқарып жүрген полиция экипажы жедел жетті. Тәртіп сақшылары ең алдымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, басқа көлік құралдары үшін ескерту шараларын ұйымдастырды", – деп хабарлады полиция.

Кейін арнайы техниканың көмегімен автокөлік жолдың қауіпсіз бөлігіне шығарылып, жүргізушіге қажетті практикалық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері шетел азаматына жол жағдайы, қозғалыс ережелері және алдағы бағыт бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: