Шымкент – Самара тасжолында жеңіл автокөлік жолдан шығып кеткен

Шымкент – Самара тасжолында жеңіл автокөлік жолдан шығып кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2025 21:42 Сурет: polisia.kz
Қызылордада полицейлер көктайғақ салдарынан жолдан шығып кеткен жүргізушіге жедел көмек көрсетті, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкент – Самара тасжолының Жалағаш ауданы тұсында жеңіл автокөлік жолдан шығып кеткен. Жүргізушінің қиын жағдайда қалғанын байқаған тәртіп сақшылары дереу әрекет етіп, көлікті сүйреп, оны жөндеу орталығына жеткізді. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, көлік иесі өз сапарын жалғастырып, полицейлерге алғыс айтты.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын ауа райы болжамдарын мұқият қадағалап, жол қызметтерінің ескертулеріне назар аударуды ескертеді. Сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеріп, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: