Табысы төмен отбасыларға 432 500 теңге біржолғы төлем берілетіні рас па
Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желіде біржолғы төлем тағайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайнын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз.
Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз, – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан хабарламада.
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript