Атырауда ер адам әлеуметтік желі арқылы адамдарды 3 млн теңгеге алдаған

Атырауда ер адам әлеуметтік желі арқылы адамдарды 3 млн теңгеге алдаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2026 19:30 Сурет: polisia.kz
Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №75 мекемесінің қызметкерлері Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іс-шара барысында А. есімді азаматтың Атырау қаласының аумағында әлеуметтік желілерді пайдаланып, азаматтардың сеніміне кіріп, алаяқтық жолымен шамамен 3 млн теңге көлемінде қаржылай пайда тапқаны анықталды. Құқыққа қайшы әрекеттер дер кезінде әшкереленіп, қылмыстық жолы тоқтатылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпараттар жариялауға жатпайды.

Ведомство өкілдері азаматтарды интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырады: онлайн-контактілерге абай болу, күмәнді ұсыныстарға сенбеу және қаржылай ақпаратты қорғау – қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты жолы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: