БҚО-да Ресеймен шекаралас аумақта жүздеген жүк көлігі тұралап қалды

Скопление фур на границе, скопление грузовых машин на границе, скопление грузовиков на границе, фуры, фура, грузовые машины, грузовая машина, грузовик, грузовики, перевозка груза, груз, грузоперевозки, грузовые перевозки , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 09:26 Фото: freepik
Батыс Қазақстандағы Ресеймен шекаралас «Сырым» бекетінде көлік кептелісі пайда болды. Жүк көліктері жол жиегінде қаңтарылып қалды. Жүргізушілердің айтуынша, кезектің жылжуы баяу, тас жолдың да жағдайы мәз емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сырым" өткізу пункті ел батысындағы ең ірі нысан. Бұл жерден тауарлар Ресей, Беларусь пен Еуропа елдеріне жол тартады. Көліктердің көбі Өзбекстан мен Қырғыстаннан келеді. Жүргізушілер алыс жолда "әр күнің алтынға пара-пар" дейді. Ал мына жерде бірнеше тәулік текке кетті. Айдалада ешбір жағдай жоқ.

КТК дерегіне сүйенсек, батыста соңғы күндері аяз тұрғандықтан көліктегілер қозғалтқышты өшірмей, жанармайы таусылуға жақындаған. Сегіз шақырым кептелісте 400-ден астам жүк көлігі тұр. Олар өткізу пункті қызметкерлерінің жайбасарлығы жағдайды қиындатты дейді. Бірақ мемлекеттік кіріс департаментінде әр көлікті бес минутта өткізіп жатырмыз дейді. Бұған осының алдында күн райына байланысты Ақтөбедегі тас жолдарының жабылып қалғаны себеп болып тұр.

"Көршіміздің "Маштакова" бекетіндегі жұмыс баяу жүруінен болуы мүмкін. Екінші мәселе бар, ол "Сырымда" жүріп жатқан жөндеу. Осыған да байланысты болуы мүмкін. Дегенмен көліктер еш кедергісіз өтіп жатыр". Қайрат Ахетов, БҚО МКД экспортты бақылау бөлімінің басшысы

Бұған дейін Қазақстанның кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: