Қазақстанға емделу үшін көбіне қай елдерден келеді
Фото: Zakon.kz
Оның мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы 9 айында Астанаға 1,2 млн адам келген. Бұл – 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп.
Спикердің айтуынша, туристердің 77%-ы қалаға демалыс, түрлі іс-шаралар мен шопинг мақсатында келеді. Ал қалған 23%-ы іскерлік және мәдени сапарлар аясында келеді.
Ең көп турист келетін елдер қатарында Ресей, Қытай, Түркия, Германия және АҚШ бар.
Сонымен қатар, Астанада медициналық туризм қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары емделуге келетін шетелдік пациенттер саны төрт есеге артқан. Емделу мен мәдени бағдарламаны біріктіретін арнайы туристік пакеттер іске қосылған.
Медициналық туристердің негізгі легі ТМД елдерінен, атап айтқанда Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келеді. Сондай-ақ Түркия, Үндістан және Қытайдан да пациенттер жиі келеді.
Шетелдіктер арасында ең сұранысқа ие медициналық қызметтер:
- нейро- және кардиохирургия;
- репродуктивті медицина (оның ішінде ЭКО);
- офтальмология;
- пластикалық хирургия;
- кешенді профилактикалық тексерулер.
Айта кетейік, 2024 жылы Астанаға 4500 медициналық турист келген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Шетелдік пациенттердің емделуге жұмсайтын орташа шығыны 2–5 мың АҚШ долларын құрайды.