Ақтауда зейнеткердің мәйіті табылды
Сурет: pexels
Ақтаудың 7-шағынауданында жасы үлкен әйелдің мәйіті табылды. Үшінші қабаттағы пәтерден шыққан жағымсыз иіске алаңдаған көршілер дабыл қаққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымының мәліметінше, зейнеткер жалғыз тұрған. Соңғы күндері оны ешкім көрмеген, кейін подъезде мәйітке тән иіс пайда болған. Көршілер күмәнданып, жедел қызметтерге жүгінген.
"Оқиға 3 наурыз күні шамамен сағат 16:00-де болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар келді. Өңірлік ТЖД мәліметінше, мамандар пәтердің терезесін ашып, ішке кіргеннен кейін есікті ішінен ашып, құқық қорғау органдарына қолжетімділікті қамтамасыз еткен", – делінген хабарламада.
Пәтер ішінен әйелдің мәйіті табылды. Өңірлік полиция департаменті марқұмның 79 жаста болғанын хабарлады.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript