Жезқазғанда саяжай аумағында жасалған ұрлық заманауи бейнебақылау жүйесінің көмегімен жедел ашылды

Жезқазғанда саяжайдағы ұрлық заманауи бейнебақылау жүйесі арқылы анықталды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 11:19 Сурет: ҚР ІІМ
Түнгі уақытта белгісіз тұлғалар жеке үйдің ауласына заңсыз кіріп, бейнебақылау камерасын сындырып, өздерімен бірге алып кеткен.

Осылайша қылмыс ізін жоймақ болған. Алайда күдіктілер қателесті: камерадағы жазба электронды деректерді сақтау жүйесінде автоматты түрде сақталып қалған.

Құрылғы бүлінгенімен, бейнематериалдарды полиция анықтап, күдіктілерді ұстауға мүмкіндік берді. Жәбірленушінің арызы негізінде криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, бейнежазбаларды зерделеу барысында күдіктілердің жеке басын анықтады.

Көп ұзамай 20 жастағы екі тұрғын ұсталды. Олар жасаған істерін толық мойындады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: