Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде 2000 тонна азық-түлік өнімдері сатылады
Фото: пресс-служба акимата Алматы
Жәрмеңкелерде өнімнің мыңнан астам түрі сатылады. Ассортиментте көкөніс пен жеміс, ет, құс еті, балық, сүт және шұжық өнімдері, жұмыртқа, бакалея тауарлары, бал, өсімдік майы және басқа да азық-түлік түрлері бар.
Бағаны тұрақтандыру тетіктері аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы белгілеген қолжетімді бағамен сатып алуға болады.
Делдалдардың болмауы өндірушілерге өнімдерін нарық бағасынан орта есеппен 10-15% төмен бағамен сатуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін төрт ауданда демалыс күнгі жәрмеңкелер өткізеді:
- Алмалы ауданы — Масанчи мен Гоголь көшелерінің қиылысы
- Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы
- Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысы
- Медеу ауданы — Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы
Биыл жәрмеңкелерді барлық ауданда тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жаңа алаңдарға Түрксіб, Алатау және Наурызбай аудандары да қосылады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімді бағамен сатылуын және қала аумағы бойынша біркелкі таралуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар Бостандық және Әуезов ауданындағы жәрмеңке алаңдарын жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Бұл туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.