Тоқаев мерекелік концертке барды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған концертті жұртшылықпен бірге тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Астана Опера" театрының сахнасында Қазақстанның танымал мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада сөз сөйлеп, ең алдымен, көктемнің шырайлы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен баршаны құттықтаған еді.
Ол сондай-ақ ел өмірінің маңызды салаларында табанды еңбек етіп жүрген әйелдерді марапаттады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript




