АҚШ-та қазақстандық боксшының үйі өртеніп кетті

АҚШ-та қазақстандық боксшының үйі өртеніп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2026 12:40 Сурет: видео скрині
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы бұл оқиғаны Instagram-дағы парақшасында жазды. Оның айтуынша, өрт түскі төрт шамасында басталған, сол кезде отбасы досына ауызашарға бармақ болып жиналып жатқан.

"Мен үйден күйген иісті сездім. Үйдегі адамдардан сұрадым: "Ештеңе жанған жоқ па, тамақ күйіп кетпеді ме?" Олар: "Жоқ, бәрі дұрыс" деді. Бір сәтте гаражды аштым, үйдің жартысы отқа оранған, айнала – қара түтін. Біз барлық отбасын сыртқа шығара алдық", – деп келтіреді Ашкеевтің сөзін Sportarena порталы.

Өрттің салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Боксшының отбасын достары уақытша баспанаға паналатқан.

Әшкеев кәсіби рингте 15 жекпе-жек өткізді: 14 жеңіске жетті, оның 7-сі нокаутпен жеңген. 2020 жылғы желтоқсанда америкалық Чарльз Конуэллге қарсы Los Angeles қаласындағы Wild Card Boxing кешінде ғана жеңіліп қалды.

Сондай-ақ, Әшкеев 2014 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері және Astana Arlans командасы құрамында Әлемдік бокс сериясының (WSB) қола жүлдегері болып саналады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: