Жаңалықтар тізбегі
0

Талғардағы жасөспірімнің өлімі: түнде зардап шеккендердің үйі өртеніп кетті

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2024 09:28 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі түнде өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 12 қазан күні сағат 00:50-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында тұрғын үй өртеніп кетті.

"Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы дереу жіберілді. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі жеткен сәтте сағат 01:08-де тұрғын үйдің шатырының өртенгені анықталды. Үй толығымен отқа оранған" Төтенше жағдайлар министрлігі

Өрт 01:38-де оқшауланып, 01:43 сағатта сөндірілді. Жалын 56 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі нақтыланып жатыр.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында.

Марқұм Шерзат Болаттың отбасын полиция күзетін болды.

Бұл туралы полиция хабарлады.

"Келіп түскен арызға сәйкес, 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілген. Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", – делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: