Алматылық әйелдер қауымы қала тұрғындарын референдумға шақырды

Әйелдер қауымы, Алматы, қала тұрғындары, референдум, шақыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2026 13:46 Сурет: Алматы қаласы бойынша жалпыұлттық коалицияның баспасөз қызметі
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай алматылықтар қала тұрғындарын алдағы референдумға қатысуға шақырып, үндеу тастады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қаласы бойынша жалпыұлттық коалицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнероликте түрлі сала өкілдері: қоғам қайраткерлері, мұғалімдер, кәсіпкерлер, дәрігерлер, қаланың белсенді өкілдері тұрғындарды көктем мерекесімен құттықтап, азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын баса атап өтеді. Олар референдумға қатысу өз ұстанымын білдіріп, ел болашағына үлес қосу мүмкіндігі екенін айтады.

Бейнероликтегі тұлғалар Алматы әрқашан өзінің белсенді азаматтық ұстанымымен танымал екенін, ал тұрғындардың ниеті қала мен елді дамытуға айырықша сеп болатынын атап өтті.

Тұрғындар өз үндеуінде алматылықтарды осы маңызды қоғамдық шарада белсенділік танытып, оған қатысуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, 15 наурызда Конституциялық референдум өтеді, бұл күні тұрғындар жалпыұлттық маңызды мәселе бойынша дауыс беріп, өз пікірлерін білдіре алады. Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулықпен мына арадан таныса аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: