Қостанай облысында құтқарушылар түні бойы жолда қалып қойғандарды эвакуациялады
Сурет: видео скрині
Павлов атындағы ауыл маңына келген құтқарушылар қар құрсауында қалған көліктерді анықтады. ТЖМ қызметкерлері кішкентай баласы бар әйелді эвакуациялап, оларды аман-есен Қостанай қаласына жеткізді. Қалған азаматтар эвакуациядан бас тартып, ауа райының жақсаруын өз көліктерінде күтуді жөн көрді.
Кейін осы жол учаскесінде, Майалап ауылы маңында тағы бір құтқару жұмысы жүргізілді. Қалың қар үйінділерінің салдарынан 7 автокөлік кептелісте қалып, олардың ішінде 17 адам болған.
Құтқарушылар мен жеке ұйымның арнайы техникасының көмегімен жол тазартылды. Құтқарушылар автокөліктерді тазартылған жол бөлігіне сүйреп шығарып, жүргізушілерге жолды өз бетінше жалғастыруға мүмкіндік берді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ.