Air Astana наурыздың соңына дейін Дубайға рейстерді тоқтатады

Ұшақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 17:10 Сурет: Zakon.kz
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға тұрақты рейстерді тоқтатады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде орындалатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады.

"Әуе компания Таяу Шығыстағы оқиғаларды мұқият қадағалауды жалғастырып жатыр", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыс елдерінен эвакуация басталғаннан бері Қазақстанның 8 585 азаматы елге оралғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: