Таяу Шығыс елдерінен елге қайтарылған қазақстандықтардың саны белгілі болды

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 11:23 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 10 наурызда Таяу Шығыс елдерінен эвакуацияланған қазақстандықтар туралы жаңартылған ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметіне сәйкес:

"Таяу Шығыс елдерінен эвакуация басталғаннан бері жалпы 8 585 қазақстандық отбасына оралды".

Сыртқы істер министрлігі мен тиісті органдар қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдеріндегі қақтығыс аймағынан қайтару жұмыстарын жалғастыруда.

"Қазақстанның аймақтағы дипломатиялық өкілдіктері жергілікті әрекеттерді үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста", – деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін 7 300-ден астам қазақстандық эвакуацияланғаны хабарланған еді.

2026 жылғы 9 наурызда Ермек Қошербаев пен Гидеон Саар Израильден қазақстандықтарды эвакуациялау мәселесін талқылағаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: