Алматыда полиция концертке жиналған халықты кибералаяқтардан сақ болуға үндеді

Алматыда полиция концертке жиналған халықты кибералаяқтардан сақ болуға үндеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 19:34 Сурет: polisia.kz
"Алматы Арена" алаңында өткен әнші Анна Астидің концерті басталар алдында мыңдаған көрерменге Алматы полиция департаментінің Алатау аудандық полиция басқармасы жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындаған арнайы бейнеролик көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнероликте полиция қызметкері интернет-алаяқтықтың кең тараған тәсілдері туралы қарапайым әрі түсінікті тілде баяндап, азаматтарды интернет арқылы байланыс орнату кезінде және онлайн төлемдер жасау барысында барынша мұқият болуға шақырады.

Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараевтың айтуынша, мұндай профилактикалық формат маңызды ақпаратты кең аудиторияға тиімді жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бастама республика көлемінде өтіп жатқан "Anti Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ерекше маңызға ие.

"Азаматтарды интернет-алаяқтықтың қауіптері туралы хабардар ету үшін біз түрлі алаңдар мен заманауи технологияларды пайдалануға тырысамыз. Мыңдаған көрермен жиналған концерттік алаңдағы үлкен экран арқылы бейнеролик көрсету – адамдарға маңызды ескертуді жеткізудің тиімді тәсілі", – деді Еділхан Байғараев.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай ақпараттық жұмыстар азаматтардың цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттырып, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: