Алматыда арнайы жасақ алаяқтық жасады деген әккі күдіктіні құрықтады
Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық ПД Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, алдында әлеуметтік желіде ұстау операциясының видеосы жарияланған болатын.
"Алматы қалалық полиция департаменті Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен 1971 жылы туған Ч. есімді азаматты ұстағанын хабарлайды".
Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті Наурызбай аудандық ПБ-ға жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript