Түркістанда полицейлер ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық тұрғынды анықтады

Түркістанда полицейлер ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық тұрғынды анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 22:46 Сурет: polisia.kz
Түркістанда полицейлер ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алу, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын сою, сақтау және өткізу орындарын анықтау, сондай-ақ сою пункттері мен кезбе малды ұстау орындарын тексеру және жануарларды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Шара барысында Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізілген жұмыстары нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзудың 6 дерегін анықтады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған бойынша 27 тұрғынға тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта аталған бағытта профилактикалық және тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: