Абай облысының әкімі тұрғындарды референдумға қатысуға шақырды
Сурет: gov.kz
Абай облысының әкімі Берік Уәли өңір тұрғындарына алдағы республикалық референдумға байланысты бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аймақ басшысы өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп келе жатқан саяси реформаларының аясындағы жаңа Конституция жобасының терең сараланған, әлемдік үздік тәжірибелерді ескерген, ұлттық мүддені және адам құқығын толық қорғауға бағытталған сапалы құжат екенін атап өтті.
Берік Уәли өз бейнеүндеуінде ұлы тұлғалар дүниеге келген, күллі қазақ даласына рухани сәуле шашқан тұңғыштар мекені – Абай елінің жұртшылығы тағдыршешті сәтте азаматтық белсенділік танытатынына сенім білдірді.
"Біз бүгін бірлігіміз бен жауапкершілігімізді көрсететін маңызды сәттің алдында тұрмыз. Сондықтан барлықтарыңызды осы жексенбіде өтетін республикалық референдумға белсенді қатысып, еліміздің жарқын болашағы мен Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолында дұрыс таңдау жасауға шақырамын", – деді облыс әкімі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript