Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды
Сурет: akorda.kz
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 17 ақпанда Ақорда сайтында белгілі болды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Берік Уәли-1977 жылы Семей облысында дүниеге келген.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын "Кинотанушы", Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы "Таң" телекомпаниясында "Алматы жаңалықтары" ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.
1998-1999 жылдары – "НТК" телеарнасында "Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының шығарушы редакторы.
2000-2007 жылдары – "31 канал" телерадиокомпаниясында" "Информбюро" ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, "Еркін сөз" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, "Дода" саяси ток-шоуының бас редакторы әрі жүргізушісі.
2007-2012 жылдары – "Хабар" Агенттігі" АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар қызметінің тілшісі,
"Бетпе-бет" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі.
2009-2012 жылдары – "Нұр Отан" партиясы "Нұр-Медиа" ЖШС Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының басшысы.
2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің жетекшісі, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.
2015-2016 жылдары – "Нұр-Отан" партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.
2017-2018 жылдары – "Қазақстан" ұлттық телеарнасы "1-студия" қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі.
2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы.
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.
2022-2023 жылдары – "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы.
2023 жылғы 12 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының (2011); "Құрмет" орденінің (2019); ҚР Президенті Алғысының (2021); ҚР Президенті Әкімшілігінің "Мінсіз қызметі үшін" төсбелгісінің (2022) және 5 мерекелік медальдің иегері.