Жаңалықтар тізбегі
0

Берік Уәли ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Берік Уәли, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 19:35 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының бұған дейінгі өкіміне сәйкес, Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан өз еркімен берген өтініші бойынша босатылды.

Бұл лауазымда Нұрмұхамед Байғараевтың орнын Берік Уәли басты.

Берік Уәли 1977 жылы дүниеге келген. 

Ол Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын "Кинотанушы", әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын "Журналистика", Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдары – "Хабар" агенттігінің, "ТАҢ" телекомпаниясының, "НТК" телеарнасының, "31 канал" ЖШС-нің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, "Нұр Медиа" ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан ұлттық арнасының "1-студия" саяси ток-шоуының жетекшісі әрі жүргізушісі.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – Nur Otan партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.

2022 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып келген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: