Жұмыс іздеуге шығып жоғалып кеткен: Ақтауда 39 жастағы әйел іздестірілуде

Жұмыс іздеуге шығып жоғалып кеткен: Ақтауда 39 жастағы әйел іздестірілуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 09:39 Сурет: Вера Бойкованың жеке мұрағатынан
Ақтауда 39 жастағы Наталья Бойкова із-түзсіз жоғалып кетті. Ол жұмысқа орналасу үшін әңгімелесуге барып, содан бері байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының мәліметінше, әйел 2026 жылдың 6 наурызынан бері іздестіріліп жатыр. Анасының айтуынша, Наталья Dina Shopping Center сауда орталығына жұмыс бойынша сұхбатқа кеткен. Алайда сол кеткеннен кейін қайта хабар бермеген.

Жоғалған әйелдің анасы Вера Бойкова қызының бұрын-соңды мұндай жағдайға түспегенін айтады. Оның сөзінше, Наталья әрдайым жақындарымен байланыста болып, ұзақ уақыт хабарсыз кетпейтін. Сондықтан ата-анасы бірден полицияға жүгінген.

"Қызымыздың аман-есен үйге оралуын күтіп отырмыз. Ода бәрі жақсы деп үміттенеміз. Қатты сағынып кеттік", – дейді анасы.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Наталья Бойкованың қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан 102 нөміріне хабарласу сұралады.

Бұған дейін Жетісуда балықшыны құтқару кезінде ТЖД қызметкері қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: